Алматыдағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Библиоквест өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
«Кітапхана түні» форматында өтуге тиіс Библиоквест карантинге байланысты күндізгі уақытқа ауыстырылыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматыдағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Кітапханалар ғасырдан ғасырға» атты интерактивті шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға 30-ға жуық оқырман мен шығармашылық байқау жеңімпаздары қатысты. «Кітапхана түні» форматында өтуге тиіс  Библиоквест карантинге байланысты күндізгі уақытқа ауыстырылыпты.

«Бұл атаулы мерекенің осы кітапханада өтіп жатқанына қуаныштымыз. Ата-аналар мен балалардың да кітаптың негізгі білім беру құралы екенін түсінгені өте маңызды. Себебі бұл библиоквест кітаптарға арналған. Ал, жас оқырмандардың білімге құштарлығын ояту үшін осындай мерекелік шараларды кітпаханада өткізудің маңызы зор», – деді С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының жетекшісі Алма Қонарова.

Айта кетелік, бұл кітапхана төтенше жағдай кезінде онлайн форматта жұмыс жасап, виртуалды көрмелер ұйымдастырып отырған. Жалпы, Сапарғали Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында қазір 19 мыңға жуық оқырман тіркелген. Ал, кітапхана қорында барлығы 500 мың кітап бар.

Новости партнеров