31 қазанда «Болашақ» Қауымдастығы Күміс волонтерлердің республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылар аға буын өкілдері арасында волонтерлікті дамыту саласындағы жылдың басты іс-шарасын өткізеді.
Форум онлайн форматта өтеді және 50 жастан асқан волонтерлерді, «күміс» волонтерлікті дамыту саласындағы жобаларды іске асыратын бірлестіктер мен қозғалыстардың басшылары мен өкілдерін біріктіреді.
Форумға халықаралық және қазақстандық спикерлер қатысады, олар «Белсенді ұзақ өмір сүру» концепциясын іске асыру және «күміс» жастағы азаматтар арасында волонтерлік қызметті ұйымдастыру тәжірибесін бөліседі.
Форумға шақырылған құрметті қонақтар мен хедлайнерлер қарттық шаққа деген өз көзқарастарымен бөлісетін болады:
Михаил Казиник – ресейлік және швед дәріскер-музыкатанушысы, ағартушы және біздің заманымыздың ең білімді адамдарының бірі;
Анатолий Некрасов – танымал зерттеуші, психолог, философ, Халықаралық Жаратылыстану Академиясының негізін қалаушы;
Белсенді ұзақ өмір сүру және «күміс» волонтерлік мүмкіндіктері туралы баяндайтын спикерлер:
Митрофаненко Валерий Валентинович – ТМД елдерінің еріктілер қозғалысы Қауымдастығының негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Ақанова Әсия Айқанқызы – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Форумға қатысушылардың бағдарлама аясындашеберлік сыныптар мен семинарларға, сондай-ақ панельдік пікірсайысқа қатысып, волонтерлік саладағы жұмыстың тиімді практикаларымен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндіктері болады.