Белгілі қаламгер Несіпбек Дәутайұлы өмірден озды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден озды. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушы 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972—1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. Қазір «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры.

Шығармалары

«Ақ көгершін»,

«Алма ағашының бұтағы»,

«Әнім сен едің» атты повестердің,

«Құдірет пен Қасірет» романының авторы.

«Көгілдір көйлекті келіншек»,

«Ойынды еті он бөлек» кітаптары жарық көрген. «Ан Арыс» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен ІІ томдық таңдамалысы жарық көрді (2008 — 2009).

«Аты жоқ әңгіме», «Кісі иесі» кітаптары жарық көрді. 2019 жылы Түркияның Анкара қаласында «Жол» кітабы түрік тілінде жарық көрді.

Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы. ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреатві. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы. Бірінші халықаралық «Рух» әдеби байқауының гран-при иегері. Ғабдол Сланов атындағы әдеби сыйлығының иегері. 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 2019 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Новости партнеров