Jastar skills чемпионаты аясында шаштараз шеберлігі бойынша жарыс өтті. Бұл додада Алматыдағы үш колледждің студенттері бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа қатысуға 16 мен 29 жас аралығындағы 30-дан астам үміткер ниет білдірген. Іріктеу кезеңінде олардың алдын-ала дайындаған жұмыстры онлайн қаралып, екінші кезеңге тек жетеуі өткен. Бүгін олар бір жарым сағат бойы подиумдық шаш үлгісін жасап, сарапшылар назарына ұсынды. Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырып отырған бұл чемпионат тұңғыш рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – жастар арасындағы кәсіби біліктілкті арттыру.
«Бұл чемпионатты өткізудегі мақсатымыз – дарынды жастарға қолдау көрсету, оларға мамандықтардың қыр-сырын жан-жақты ұғындыру. Бұл шараны бірініші рет өткізіп отырсақ та, көпшілік үлкен қызығушылық танытты. Сондықтан да алдағы уақытта мұндай жарыстар тұрақты түрде өткізілетін болады деп ойлаймын», – деді қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры демалыс орталығының бөлім басшысы Лилия Баймұртова.