Батыл, ержүрек ананы құттықтауға Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бір ғасыр жасаған кейуана мерейтойын ұл-қыз, немере, шөберелерімен бірге тойлады. Аудан атынан әжейге сыйлықтар жасалып, құрмет көрсетілді. Людмила Коваль өз кезегінде ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті.
Людмила Коваль 1919 жылы Саратовта дүниеге келген. 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келіп, «Биокомбинатта» ұзақ жылдар бойы микробиолог болып істеген. Содан зейнетке шығып, ұл-қыз, немерелерінің қызығын көріп отыр.
«Бұл кісі бүгін аттай 100 жасқа толып отыр. Ғасырдың құрдасы. Қазір ұл-қыздарының, немере-шөберелерінің, неменелерінің қолынан су ішіп отыр. Бұл кісі бақытты адам. Осындай қарияларымыз аман болсын», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданының Ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамит БІРЖАНОВ.