|
15.02.2023 | 22:49
767

Саяжай төрайымы бізді қарызға батырды – Алматы облысы тұрғындары

Тұрғындар талабын орындамаған саяжай төрайымының үстінен арыз түскен

Саяжай төрайымы бізді қарызға батырды – Алматы облысы тұрғындары k1news.ru

Алматы облысы Кеңдала ауылдық округіне қарасты саяжайдың тұрғындары елдімекен төрайымына "жем" болдық дейді. Айтуынша, ай сайын тиісті соманы төлеп отырса да, 6 миллион теңге қарыз боп қалған. Себебі ақшасы тиісті қызмет көрсетушілерге жетпеген, деп хабарлайды Almaty.tv

Керексіз қалдық деген Кеңдалаға қарасты саяжай тұрғындары сабырының сарқылғанын айтады. Олар 10 жыл бойы жарық пен жылуға, жолға деп ақша жинап келген ауыл төрайымы бізді қарызға батырды дейді.

“Жарық, жол, суға бәріне “Вишневый” саяжайының төрағасымен касссирі кезінде 10 жыл бұрын сайланып, барлық тұрғын ақша жинап отырады. Бұл жерде Энергосбытқа, суға, ТП-ға, анаған-мынаған деп жинаған ақшасын кассаға 6 миллион халық қарыз дейді. Бірақ 10 жылдың ішінде мұндай қарыз жиналу мүмкін емес”, – дейді Кеңдала ауылдық округінің тұрғыны Арайлым Мусанова.

Ақшаның есебін сұрасақ есігінен аттап бастырмайды деген ел, ақшамыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесін дейді. Өйткені ауыл дәрежесі болмаған соң жолға да, жарыққа да өздері қаржы жинайды екен.

“Бұл қоғамда 500 адам бар. Тас төсемек түгілі, мен бұның бір қорап темекі көтергенін көрмегем”, – дейді саяжай тұрғыны Бақытжан Тажиев.

Ал кеңсеге кешігіп келіп, көпшілікке есеп беруге асықпаған елдімекеннің қазіргі төрайымы өзін бұл іске мүлде қатысты санамайды. Айтуынша бәрін дәптерге жазып барып, қолма-қол ақша алады. Алайда чек беретін кассалық аппараты жоқ.  

“Тұрғындар арсында қызмет көрсету үшін төлемейтін тұрғындар да бар. Солардың кесірінен қарыз болады. Олар ақша төлемесе де төлеген халыққа қызмет көрсетілуі керек. Жолға, суға, жарыққа содан жинап аламыз. Қандай кассалық аппарат? Біз саяжаймыз”, – деді “Вишневый” саяжайының төрайымы Елена Мамлютова.

“Кассалық аппарат жоқ болғаны, оны ұрмағаны, біз қазір ол кісілер келсе тексеріміз. Түсініктемесін аламыз. Неге аппараты жоқ? Неге чек бермеді? Соны әкімшілік құқыққа тартамыз”, – дейді Талғар ауданы МКД басшысының орынбасары Эдгар Лесханов.

Тұрғындар талабын орындамаған саяжай төрайымына арыз түскен соң, Полиция бөлімшесі зерттеу жұмыстарын бастадық деп отыр. Ал Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ақша жымқыру фактісі орын алса құзырлы органдарға құлаққағыс ету керек дейді.

Әлібек Шынтемір, Медет Саматұлы Алматы телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир