Қазақ радиосы және Мұқағали Мақатаев

Қазақ радиосы және Мұқағали Мақатаев
Биыл Қазақ радиосына 100 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақ радиосына 100 жыл. Мерейлі мереке қарсаңында «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дикторлық жолы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ поэзиясының қайталанбас тұлғасы, қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған. Өмірін әдебиетке арнаған азамат, өзінен кейінгі толқынға демеу болып, жалынды жастарға қолдау көрсетіп жүрген. Жиында ғасыр толған әуе толқынының тарихы, шығармашылығы кеңінен талқыланды.

«Мұқағали ағам бір күні хабарласты. Қазақ радиосында іріктеу өтіп жатыр, сен соған бар деді. Бардым, содан 1973 жылы Қазақ радиосының дикторы болдым. Мұқағали Мақатаевта диктор болған. Сонда Мұқағали ағам алақандай Қара саздан екі диктор шықты деп қатты қуанды», – деді актер Бақытжан Атагелдиев.

«Қазақ радиосы негізі саяси, экономикалық, әлеуметтік бағытта ұстанып отыр. Биыл Шалқар радиосының 55 жылдығы аталып өтілуде. Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында. Қазіргі кезде Шалқар тек ұлттық радио деп айтуға болады. Ұлтымыздың ұлттық руханият тарихын көтеретін ұлттық арна», – деді Шалқар радиосының директоры  Болатбек Төлепберген.

Новости партнеров