Жоғарғы сот төрағасы және судьясы лауазымына кандидаттарға қатысты талапқа өзгеріс енгізілді

Сурет: inform.kz
Сурет: inform.kz
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоғарғы сот төрағасы және судьясы лауазымына кандидаттарға қатысты талапқа өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заң жобасының түзетулері екі блоктан тұрады. Біріншіден, Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылатын болады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады.

«Бұл түзетулер елдің Жоғарғы сот органына құқықтың мамандандырылған салаларында, мысалы, салық құқығында немесе жер қойнауын пайдалану құқығында көп тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға бағытталған. Бұл неғұрлым даулы істер бойынша сот төрелігінің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүкіл сот жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл түзетулер Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттарға ғана қатысты екенін ерекше атап өткен жөн», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин.

Ал депутат Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігі әлі күнге дейін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өз еміне алу ережесін қолданысқа енгізбей жатқанын сынға алды.

«Қазіргі уақытта, маған айтылғандай, бұл бұйрық Әділет министрлігінде қаралуда. Барлық процедураларды сақтай отырып, ережелер наурыз айында күшіне енеді деп сендіреді. Бұл министрлік өкілдерінің берген кезекті уәдесі. Бірақ азаматтар өз жинақтарын радиохирургиялық емдеуді, Протон терапиясын, ЭКО, стоматологиялық қызметтерді, медициналық оңалтуды және т. б. талап ететін ауыр дерттерді емдеуге пайдалана алады деп болжанды емес пе? Министрліктегілер бұл өмірлік маңызы бар сұрақтар екенін түсінбей ме?» – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.

Новости партнеров