Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң керек – тіл жанаршырлары

Шара «Лұғат» қоғамдық қорының мұрындық болуымен өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң керек. Бүгін белгілі тіл жанаршырлары мен қоғам белсенділері осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған жиында бұдан өзге, республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен өткізілетін тегін семинарлар мен оқу курстарына қатысты мәселелер талқыланды. Шара «Лұғат» қоғамдық қорының мұрындық болуымен өтті.

«Тілді қолдану мәселесін көтерілуін бірінші кезекке шығару, күн тәртібіне шығуы. Енді осының бәрін белгілі бір жүйеге келтіру керек. Билік тарапынан болсын, азаматтық қоғам тарапынан болсын. Тілдің қолдану бағытындағы жасап жатқан соттасу болсын, тексеру болсын, маниторинг жасау болсын, мұның бәрі бір ғана нәрсенің көрінісі – қазақ тілі дәл осындай жағдайда қалуға тиіс емес. Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдау керек. Сол заңның ішінде айтылған нәрсенің бәрі орнын табады, әр бағытта», – деді қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырмасымен «Лұғат» қоғамдық қоры осыған дейін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты еліміздің 6 өңірінде, атап айтсақ, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында оқу семинарларын өткізген болатын. Ал, бүгінгі жиын ресми құжаттарды рәсімдеуде, көрнекі ақпарат ұсынуда және қызмет көрсетуде мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін арттыруға арналды.  

«Біздің осы уақытқа дейін қабылдаған заңдарымызға отыз жыл болды. Демография өзгерді, қоғамдағы ахуал өзгерді. Қазақ тіліне деген халқымыздың, жұрттың сұранысы өзгерді.  Сондықтан бізге мемлекеттік тіл туралы заң керек. Мемлекеттік деген анықтауыш – мемлекеттік шекара, мемлекеттік қауіпсіздікпен бірдей дәрежеге мемлекет тарпынан қолданылуы керек», – деді «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Бижомарт Қапалбек.

Новости партнеров