Нұр-Сұлтанда V республикалық әкелер форумы өтті

Нұр-Сұлтанда V республикалық әкелер форумы өтті
Гендерлік теңдік, әкелер қозғалысын жандандыру секілді мәселелер талқыға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда «Бүгінгі күннің әкелері. Отцы сегодняшнего дня» атты V республикалық әкелер форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастарған шарада қоғамда, соның ішінде отбасылық қарым-қатынастар аясында әкенің рөлі мен мәртебесі туралы айтылды. Жас жеткіншектердің бойында отаншылдық пен қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруда отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы тілге тиек етілді. Гендерлік теңдік, әкелер қозғалысын жандандыру секілді мәселелер талқыға түсті.

«Биыл біз бірінші рет «Білім-Инновация» қоры мен және «Дарын» орталығымен әкелер апталығын өткіздік. Бұл апталыққа 70-тен аса мектеп қатысты. 600-ден астам әке онлайн қатысты. Форумның мақсаты – ер адамдардың өздерінің отбасында орнын ұлғайту, отбасында балаларды тәрбиелеуге қатыстыру, олардың біреудің күйеуі емес, әкесі екенін естерінде сақтау», – деді  «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет.

«Ұлтымыздың құндылығы ретінде отбасында әкенің орны мықты болуы тиіс. Оны әкенің өзі қамтамасыз ету керек.  Аналар, әйелдер әкелер институтының орнының мықты болуына үлесін қосуы керек. Бұрынғы уақытта әке түзде, ана үйде деген ұстаным болатын болса, қазіргі күннің талабы әке мен ананың мейірімін бала бірдей көріп өсуі керек», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен.

Новости партнеров