Теріс діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істеу әдістемесі жазылған оқу құралы жарық көрді

Теріс діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істеу әдістемесі жазылған оқу құралы жарық көрді
Мамандардың айтуынша, елімізде теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалы алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Радикалсыздандырудың теологиялық нарративтері» атты нұсқаулықтың тұсаукесері өтті. Оқу құралында теріс діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істеу методикалары жазылған. Әдістемелік жинақ Алматы қалалық Дін істері басқармасының тапсырысымен жарық көрді. Теолог, исламтанушы Асқар Сәбден жазған нұсқаулық енді радикалдармен жұмыс жасайтын мамандарға таратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жалпы бұл әдістемелік құрал мына жазасын өтеп жатқан экстремист, террористтерге байланысты жазылған еңбек. Радикалды идеядан қайтару бойынша әдістерді ұсынады. Теологиялық тұрғыдан, исламтану тұрғысынан сол радикалдарды бейбіт өмірге бейімдеу үшін, сол радикалдарды радикалды ойлардан қайтару үшін жазылған еңбек», – деді теолог, исламтанушы Асқар Сәбден.

Мамандардың айтуынша, елімізде теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалы алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Осы орайда Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама оң нәтижесін берді дейді мамандар.  

«Жалпы осы Діни істер басқармасының негізгі жұмысы осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыс жасалынып жатыр. Бұрынғы жылдарға қарағанда қазір саны азайған. Өздеріңіз білетіндей, «Жусан» операциясы жүзеге асырылды Сирияға кеткен бауырларымызды қайтару бойынша. Одан бөлек бізде мына оңалту орталығы жұмыс жасап жатыр 2017 жылдан бастап», – деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшекей.

Новости партнеров