|
04.02.2021 | 23:59
8210

«Жасыл» аймақтағы ауыл мешіттеріне жұма намазына рұқсат етілді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды

«Жасыл» аймақтағы ауыл мешіттеріне жұма намазына рұқсат етілді nurgasyr.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Cоның ішінде діни объектілер бойынша «Жасыл» аймақтардағы ауыл мешіттеріне жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Сонымен қатар, «Жасыл» аймақтардағы ауыл мешіттерінде жамағатпен бес уақыт намаз оқуға да болады.  

«Мешіттерде толымдыдығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. Қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде,  ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етілген», делінген жаңа қаулыда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир