Наурызбай ауданында ғасыр жасаған қариялар марапатталды

Наурызбай ауданында ғасыр жасаған қариялар марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қарттар айлығы науқаны аясында жасалып жатқан кезекті шара бүгін Наурызбай ауданында өтті. Шаһардағы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы 100 жастан асқан қарияларды құттықтап, оларға демеу ретінде азын-аулақ сыяпаттарын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құрметке бөленген қарт азаматтардың бірі биыл 109 жасқа толғанын атап өтіпті. Десек те, қаламызда одан да егде қариялар бар екен.

«Бәрің аман бол, жасың ұзақ болсын! Менің жасымды берсін сендерге. Бізге енді айтатын жоқ, көретінді көрдік қой», - деді қария батасын беріп.

Бүгінде қала бойынша 100 жастан асқан 35 қария бар екен. Ал Наурызбай ауданы бойынша олар 5-еу. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы қарттарды алдағы екі апта ішінде толық аралап шығуды жоспарлап отыр.

«Біз бүгін 109 жасқа келген апамызға қонаққа келдік. Одан ары 115 жасқа толған қариямызды құттықтауға барамыз. Олардың үйіне барып, бата алу біз үшін үлкен бақыт. Өскелең ұрпаққа осы кісілердің өмірі үлгі. Бізге қолдау көрсететін серіктестеріміздің, демеушілеріміздің бары қандай жақсы», - деді Алматы қалалық әлеуметтік Әл-ауқат басқармасы қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің жетекшісі Рахилям МАХПИРОВА.

Новости партнеров