Ақтөбеде пара берген мектеп директорларына сот үкімі шықты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қылмыстық іс «Пара алу», «Пара беру», «Парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша қаралды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бөлімінің басшысы пара алғаны үшін айыппұл төлейді. Оған пара берген екі мектептің директоры жазаланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.  

Ақтөбе қалалық №2 сотында Қылмыстық кодекстің «Пара алу», «Пара беру», «Парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша іс қаралып, бүгін кешкілік үкім шықты.

- Асқар Кемешов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен кінәлі деп танылып, параның 60 еселенген сомасын, яғни, 7 000 200 теңгені құрайтын айыппұл тағайындалсын. Гулзат Бактарбаева Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, параның 15 еселенген сомасы, яғни, 1 050 000 теңге болатын айыппұл тағайындалсын. Алтынгүл Төлегенова Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, параның 15 еселенген сомасы, яғни, 750 000 теңге болатын айыппұл тағайындалсын. Алмагүл Бекниязова Қылмыстық 368-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, параның 10 еселенген сомасы, яғни, 500 000 тг мөлшерінде айыппұл тағайындалсын, - деді судья.

Сонымен бірге сотталушылар енді мемлекеттік, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банк және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау, қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік органда және квазимемлекеттік сектор субьектілерінде лауазымды қызмет атқара алмайды.

Оқи отырыңыз: Қолы байлаулы болған: Қарағандыда анасы 4 жасар баласына қатыгездік көрсетіп келген

Новости партнеров