Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден қоқыс контейнерінің ішіне құлап кеткен

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Марқұмның үстінде қызметтік формаға ұқсайтын киім болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда көпқабатты үйден құлап кеткен әйел адам қоқыс контейнерінің ішіне басымен түсіп көз жұмған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы оқиға Ақтаудың 27-шағынауданындағы №4 үйде болған.

«29 шілдеде кешкі сағат 19:00 шамасында қатты соққының дыбысы естілген. Кейіннен тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісінің алдында тұрған қоқыс контейнеріне әйел адамның құлап көз жұмғаны анықталған», - делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша, марқұмның үстінде қызметтік формаға ұқсайтын киім – қара түсті колготки мен қою көк түсті көйлек болған. Ол құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік қызметтердің өкілі болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір бұл ақпарат нақты тексеріліп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Маңғыстау облыстық полиция департаменті қазірше ресми түсініктеме берген жоқ», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен

Новости партнеров