«Актив Ломбард» желісінің иесі қамауға алынды

Ол ірі ломбардтар арқылы заңсыз шағын несие беретін схема ұйымдастырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халыққа заңсыз микрокредит беріп, 19 миллиард теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койнов қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар арқылы заңсыз шағын несие беретін схема ұйымдастырған. Койновтың былығы былтыр қыркүйекте әшкере болған. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, клиенттермен 2 миллионға тарта шарт жасалған. Сыйақы мөлшерлемесі белгіленген нормадан бес есеге жоғары болған. Күдікті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың да схемасын әзірлеп, іске асырып отырған. Сот санкциясымен оның құны 9 миллиардқа жуықтайтын мүлкіне тыйым салынды.

«Тыйым салынған мүлік қатарында елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, Бірікке Араб Әмірліктеріндегі 4 апартамент, 6 автокөлік, оның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga, Land Rover Range Rover Sport көліктері бар. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Тараз қаласында анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберген

Новости партнеров