Алдағы үш тәулікте қар аралас жаңбыр жауады

Almaty.tv.
Almaty.tv.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады, түнгі және таңертең тұман түсуі мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидрометтің" болжауынннша,Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тек Қызылорда облысында ккккүннн ашық. 15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады, түнгі және таңертең тұман түсуі мүмкккін.

Ауа температурасы:

Еліміздің батысында түнде ауа температурасы +2+8°С-тан +6+11°С-қа дейін жоғарылайды, 16 қарашада -2+3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз +8+13°С-тан +1+8°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4+9°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы негізінен -3+3°С, күндіз +2+9°С-тан +4+11°С-қа дейін аздап жоғарылайды.

Солтүстікте түнде ауа температурасы негізінен -5+2°С, күндіз -2+3°С-тан 0,+5°С-қа дейін аздап жоғарылайды. Павлодар облысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз -2+3°С-қа дейін төмендейді.

Орталықта түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3+5°С болады.

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -5+3°С болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы негізінен -5+3°С, күндіз +5+12°С-тан +7+15°С-қа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2+10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, таулы аудандарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады