Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дархан Сатыбалды эстафетаны қабылдап, кітап оқудың маңызын атап өтті.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Кітап аманаты» эстафетасы Алматыға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұған дейін бастаманы Абай облысының әкімі Берік Уәли бастап, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жалғастырған.

Эстафета енді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға табысталды. Қала әкімі эстафетаны қабылдап, кітап оқудың маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, Алматыда 37 мемлекеттік кітапхана, тәулік бойы жұмыс істейтін 7 цифрлық кітапхана және 32 автоматтандырылған кітап аппараты жұмыс істейді.

Сондай-ақ қалада Президенттік кітапхана құрылысы жүріп жатыр.

Дархан Сатыбалды кітапсүйер қауымға Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркен» романын оқуға ұсынды және эстафетаны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке жолдады.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы жаппай оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: ТЖМ табиғатта және су жағасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Новости партнеров