Алматы облысында әкесі қызын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

 15 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адам өзінің 15 жастағы қызын пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталғанын растады.

"Отбасы туыстарының бірі полицияға 15 жастағы студенттің мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйде болған күдіктіні ұстады. Сондай-ақ үйден қылмыс құралы тәркіленді", — деп хабарлады департаменттен.

Қазір тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр. Іс Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Тіс емдетуге барып, көз жұмған: Астанада Зере Есентайдың ісіне қатысты тың деректер айтылды

 

Новости партнеров