Алматы прокуратурасы 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының прокуратурасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу барысында қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз ауыртпалық әкелген жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ведомство мәліметінше, басқарманың лауазымды тұлғалары кәсіпкерлердің хабарламаларын қараудың заңнамада көзделген мерзімдерін жүйелі түрде бұзып, белгіленген 4 жұмыс күнінің орнына жауаптарды 6-15 жұмыс күнінде жіберіп отырғаны анықталды.

Кейіннен Басқарма мемлекеттік кірістер органдарының алдында бизнес субъектілеріне жарнаманы «хабарламасыз» орналастырғаны үшін салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану туралы заңсыз бастама көтерген.

Бұл тәжірибе 2 331 жарнама таратушыға қатысты болды, ал заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асты.

Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында уәкілетті органдардың мекенжайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесі бойынша бизнес субъектілерінің дербес шоттарындағы заңсыз есептелген сомалар азайтылды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Басқарма басшысының орынбасары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, өз кінәсін мойындап, тағайындалған айыппұлды толық көлемде төледі.

Бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау Алматы қаласы прокуратурасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Оқи отырыңыз: “Оқуға түсіремін”: Астанада ер адамды 8 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

Новости партнеров