41 көлік арнайы тұраққа қойылды
Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 139 фактісі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құзырлы органдардың мәліметінше, оның 375-і жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар болған.
Атап айтқанда, көлікті мас күйінде басқарудың 7 фактісі анықталды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен айырылған екі адамның көлік басқарғаны белгілі болды.
Бұдан бөлек, маневр жасау ережесін, соның ішінде қауіпті «шашки» маневрін орындаудың 96 фактісі тіркелді. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 142 жүргізуші анықталса, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 17 фактісі белгілі болды.
Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған 111 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 41 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 тамыз аралығында ауа райы қандай болады