Алматыда ескі базар 7300 шаршы метрлі сауда үйіне айналды
Өңірдің сауда инфрақұрылымында 37 сауда базары жұмыс істейді
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Алматы қаласының халқы мен және бизнес өкілдерімен кездесіп, тұрғындарды жеке қабылдады. Вице-министр халық алдында есеп беріп, сауда саласында атқарылған жұмыстарған тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматы қаласының ішкі саудасындағы тауар айналымының көлемі 12,3 трлн теңгені құрады. Саудадағы нақты көлем индексі 105,3%-ға жетіп, 103,9% деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштен асты. Алматы елдің ішкі саудасында 34% үлеске ие. Осылай елде сауда көрсеткіші бойынша бірінші орында. .
2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бөлшек сауда көлемі 3,6 трлн теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,6%-ды көрсетті. Бөлшек сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 29,5%-ды құрайды.
2026 жылдың алғашқы алты айында көтерме сауда көлемі 8,6 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,1%-ды құрады. Көтерме сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 69,9%-ды құрайды.
Сонымен қатар сауда саласындағы инвестициялық белсенділік артып келеді. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 161,8 млрд теңгені құрады.
Өңірдің сауда инфрақұрылымында 37 сауда базары жұмыс істейді, оның 31-і әмбебап, 6-ы мамандандырылған. Сондай-ақ 12 сауда желісі жұмыс істейді, оның ішінде 7 ірі сауда желісі бар.
Бұдан бөлек, өңірде 4 457 «үй жанындағы» дүкен, 21 сауда-ойын-сауық орталығы, 29 сауда орталығы және 42 сауда үйі жұмыс істеп тұр.
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қаладағы сауда базарларын модернизациялау жол картасына сай жаңғыртудан өткен сауда нысанына барды. Осыған дейін көп контейнерлі «Тиграухада» базары толық жаңғыртудан өтіп, ірі сауда үйіне айналған.
Оқи отырыңыз: Электрондық еңбек биржасы: ең көп маман қай салаға керек