Алматыда қаржы секторының өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бас қосқан қаржы секторының өкілдері Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірлесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы, белді қаржылық  қауымдастық өкілдері қатысқан жиында заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды

«Үкімет қаржы нарығын көтеру үшін білімді, ғылымды зерттеп жүрген адамдарға қолдау көрсету керек екенін айтып отыр. Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көптеген бағдарламаларды қолданылып отыр. Демек кәсіпкер өзінің жобасын ұсынып, мемлекеттен қаржы бөлінсе, ол қаншама адамды жұмыспен қамтиды. Адамдар жұмыс істейді, экономикамызда пайда болады деп есептеймін», – деді республикалық заң консультанттар алқасы төрағасының кеңесшісі Ғабит Өмірбеков.

Оқи отырыңыз: Адам құқығын қорғауды ең жоғары деңгейге көтереді: Президент жаңа Конституция жобасы туралы

Новости партнеров