Алматыда «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммиті ашылды

ҚР О
ҚР О

Саммит бағдарламасына шеберлік сабақтары, дәрістер және сарапшылармен практикалық сабақтар енгізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммиті ашылды. Саммитке оқушылар, педагогтер, студенттер мен жас зерттеушілер қатысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Саммиттің алғашқы күні оқушылар «Сириус» білім беру орталығының «Большие вызовы» жазғы бағдарламасында әзірлеген ғылыми-технологиялық жобаларын таныстырды.

Көрмеде олар қандай міндеттерді шешуге кіріскенін және қандай шешімдер ұсынғанын айтып берді.

230-ға жуық оқушы 15 командаға бөлініп, ғылыми ұйымдар мен компаниялар ұсынған жаңа тапсырмаларды орындап жатыр. Олар жасанды интеллект, робототехника, ғарыш технологиялары, биотехнология және экология бағыттарында жұмыс істеуде. Оқушылар өз әзірлемелерін жобалар фестивалінде таныстырады.

Саммит бағдарламасына шеберлік сабақтары, дәрістер және сарапшылармен практикалық сабақтар енгізілген. Қазақстандық 150-ге жуық педагог біліктілігін арттыру бағдарламаларына қатысып, тағылымдамадан өтеді. Мұғалімдер оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша тәжірибе алмасып, командалық жобаларға жетекшілік ету әдістерімен танысады.

«Сириус» университетінің ғылыми мектептеріне қатысатын студенттер, магистранттар және аспиранттар зерттеу тәжірибесімен алмасып, ғылыми міндеттерді шешудің түрлі тәсілдерін талқылайды және топпен жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматының теміржол нысанында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді