Алматыда құтқарушылар қоймадан шыққан өртті сөндірді
Видеодан кадр
Өрт сөндірушілер оттың таралуына жол берген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводан хабарлағандай, өрт сөндірушілер Әуезов ауданы Төле би көшесі бойында орналасқан қоймадағы өртті сөндіруге жұмылдырылған.
«Құтқарушылар жоғарғы ранг дәрежесі бойынша жұмыс атқарды. Қабылданған шаралар арқылы 280 шаршы метрдегі өрт оқшауланды», - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес жиһаз цехына және техникалық қызмет көрсету станциясына оттың таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: Петропавлда пәтерден шыққан өрттен мүгедек адам қаза тапты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00