Көңілді қимыл-қозғалыспен өткен жаттығу балаларға сергектік сыйлап, спортқа деген қызығушылығын арттырады
Оңтүстік астанадағы № 6 мектеп-гимназияда 3, 5 және 7-сынып оқушылары таңғы жаттығуға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ашық аспан астында өткен іс-шараға Қазақстанның футзал құрамасының бұрынғы ойыншысы Серік Жаманқұлов арнайы келіп, балаларға белсенді өмір салтының маңызын түсіндірді. Көңілді қимыл-қозғалыспен өткен жаттығу балаларға сергектік сыйлап, спортқа деген қызығушылығын арттырады.
«Бұл – балаларды күні бойы сергек әрі белсенді ететін жаттығулар кешені. Тек физикалық емес, сонымен қатар психологиялық дайындықтың да бір түрі ретінде қарастырдық. Мен барлық оқушының үнемі таңғы жаттығуға белсене қатысып тұрғанын қалаймын. Себебі жаттығу – жақсы көңіл күй ғана емес, бала денесінің шымыр болуына үлкен сеп», – деді № 6 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзәл Үсенова.
Оқи отырыңыз: Каникулдағы жасөспірім: оқушыларға заң бұзу салдарын көрсетілді