Алматыда Шекара қызметінің 500-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады

Almaty.tv
Almaty.tv

Іс-шара Ақжар шағынауданындағы техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарын толықтырған 500-ге жуық жас сарбаз ант берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Ақжар шағынауданындағы техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде өтті. Сап түзеген әскерилер еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Олар мұнда бір ай бойы дайындық курстарынан өтті. Енді тағы бірнеше ай аспаз, байланысшы және алғашқы медициналық көмек көрсету мамандықтарын игереді. Одан кейін ғана шекара шебіне аттанады. Салтанатты іс-шараға шекарашы ардагерлер, офицерлер мен жауынгерлердің ата-аналары қатысты. Оларға арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы әскери қоян-қолтық ұрыстан өнер көрсетті.

«Бүгін – өте маңызды күндердің бірі. Өйткені, өз еркіммен Отан алдындағы борышымды өтеуге келіп, әскери ант қабылдап тұрмын. Антыма адал болуға уәде беремін», – деді қатардағы жауынгер Асылбек Бақберген. 

«Әр жауынгерге ерекше мереке деп есептеймін. Олар ант қабылдап, мемлекетінің, халқының алдында борышын атқару – әр азаматтың міндеті, борышы», – деді ҚР ҰҚК Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы бастығының орынбасары Талғат Табылдиев.

Оқи отырыңыз: Президент Жолдауындағы ұлттық мемлекеттілік пен құқықтық сана мәселелері талқыланды