Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы алғаш рет 2026 жылы жүзеге асырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іс-шараның басты оқиғасы – қалалық алғашқы талдау мектебінің түлектері дайындаған «DATA-DRIVEN CITY: мегаполистің тұрақты дамуы» атты аналитикалық зерттеулер жинағының таныстырылымы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы талқыланып, қаланың даму мәселелерін шешуде аналитикалық зерттеулерді қолданудың міндеттері мен мүмкіндіктеріне назар аударылды.

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы алғаш рет 2026 жылы жүзеге асырылды. Жобаға қатысу үшін 218 өтінім түсіп, 65 адам оқуды сәтті аяқтады. Алты апта бойы жас мамандар аналитикалық жұмыс әдістерін меңгеріп, өз зерттеулерін әзірледі. Олардың нәтижелері «DATA-DRIVEN CITY: мегаполистің тұрақты дамуы» атты жинаққа енгізілді.

Іс-шараға ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоба түлектері қатысты.

Кездесуде әзірленген зерттеулерді тәжірибеде қолдануға және қаланың дамуына қатысты шешімдерді талқылауға атсалысатын жас сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр