Алматыда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді
Аlmaty.tv
Арнайы рейд нәтижесінде 1,7 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 789 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының прокуратурасының хабарлауынша, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 186 өрескел құқықбұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
- өлік құралын масаң күйде басқару – 13 дерек;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік құралын басқаруы – 1 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 3 дерек;
- маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 61 дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 69 дерек;
- қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10 дерек;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 29 дерек.
Сонымен қатар, 56 көлік құралы мамандандырылған тұраққа орналастырылды.
Оқи отырыңыз: 8 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39