Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты қосымша ақпарат жарияланды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жер сілкінісіне үш облысқа қарасты елдімекендерде де тіркелген 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін сағат 12.44-те Алматыда тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, дүмпудің энергетикалық класы 14,0, MPV магнитудасы 6,7 болды.

MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша Алматыда және Алматы облысының төңірегіндегі елдімекендерде жерасты дүмпулері шкала бойынша 2-ден 3 баллға дейін болған. Жерасты дүмпулері Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Есік, Талғар, Қаскелең қалаларында және облыстың басқа да елдімекендерінде айрықша сезілген.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауды және жер сілкінісінің салдарын анықтауды жалғастыруда.

Облыс тұрғындарына сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы қ. 3 б.,277 км
  • Алматы обл. Кеген ауд. Саты ауылы 3 б.,227 км
  • Алматы обл. Кеген ауд. Жалағаш ауылы 3 б.,227 км
  • Алматы обл. Кеген ауд. Кеген ауылы 3 б.,232 км
  • Алматы обл. Райымбек ауд. Нарынқол ауылы 3 б.,241 км
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. 3 б.,270 км
  • Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. 3 б.,271 км
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 3 б.,271 км
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Түрген ауылы 3 б.,272 км
  • Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы 3 б.,273 км
  • Алматы обл. Қарасай ауд. Қаскелең қ. 3 б.,283 км
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Маловодное ауылы 3 б.,283 км
  • Алматы обл. Ұйғыр ауд. Ж. Қайыпова ауылы 3 б.,284 км
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 3 б.,287 км
  • Алматы обл. Іле ауд. Өтеген-Батыр ауылы 2 б.,289 км
  • Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы ауылы 2 б.,289 км
  • Алматы обл. Іле ауд. Боралдай ауылы 2 б.,290 км
  • Алматы обл. Ұйғыр ауд. Чунджа ауылы 2 б.,293 км
  • Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылы 2 б.,298 км
  • Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. 2 б.,314 км
  • Алматы обл. Қонаев қ. 2 б.,336 км
  • Алматы обл. Іле ауд. Күрті ауылы 2 б.,360 км
  • Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы 2 б.,372 км
  • Жетісу обл. Панфилов ауд. Жаркент қ. 2 б.,374 км
  • Жамбыл обл. Қордай ауд. Қордай ауылы 2 б.,377 км
  • Жетісу обл. Текелі қ. 2 б.,429 км
  • Жетісу обл. Көксу ауд.
  • Балпық-Би ауылы 2 б.,432 км
  • Жетісу обл. Ескелді ауд. Қарабұлақ кенті 2 б.,433 км
  • Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б.,444 км
  • Алматы обл. Балқаш ауд. Баканас ауылы 2 б.,454 км
  • Жетісу обл. Қаратал ауд. Үштөбе қ. 2 б.,473 км
  • Жамбыл обл. Шу қ. 2 б.,476 км
  • Жамбыл обл. Меркен ауд. Мерке ауылы 2 б.,478 км
  • Жамбыл обл. Шу ауд. Төле би ауылы 2 б.,481 км
  • Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 2 б.,493 км
  • Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 2 б.,504 км
  • Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. Құлан ауылы 2 б.,515 км

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.     

Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісі сезілді

Новости партнеров