Алматылық білім беру саласының өкілдері құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылтай сайлауы Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Бұл – жаңа саяси жүйе аясында өтетін алғашқы науқан». Бұл – сайлауға қатысты алматылық білім беру әдіскерлерінің пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар құрылтай депутаттарын таңдау оң өзгерістердің бастауы деп біледі.

«Құрылтай сайлауынан кейін көптеген өзгеріс болатынына сенімдіміз. Бұл сайлау Қазақстан тарихында тарихи кезең болып есептелінеді. Мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі жалғасын табады деп сенеміз», – деді Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Әлия Тұрысбекова.

 «Депутаттарды халық сайлауымыз керек. Өйткені олар – халық қалаулылары. Сондықтанда әділ өмір сүру үшін, балаларымыз үшін депуаттарды өзіміз таңдауымыз керек. Әділетті Қазақстан болуымыз керек», – деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі Арай Қасымбаева.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы қарсаңында елордадағы учаскелердің дайындығы пысықталды