Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты
Астанада 16 азаматты алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.
Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына енді