Астанада эпидахуал әлі тұрақсыз

Almaty.tv
Almaty.tv

Эпидемия маусымы басталғалы бері 19 мыңнан астам оқушы ауырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада эпидахуал әлі тұрақсыз. Өткен аптамен салыстырғанда шаһарда сырқаттанғандар саны 1,4 есе өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың бас санитар дәрігері Айгүл Шағалтаеваның мәліметінше, зертханалық мониторинг кезінде жіті респираторлық вирустық инфекциямен және тұмаумен ауырған науқастардан 408 сынама алыныпты. 203 сынама оң нәтиже көрсетсе, 111-інен түрлі вирус анықталған. Оның 26 пайызы риновирус, 12 проценті бокавирус, 8-і аденовирус болса, 2 пайызы коронавирус екен.

Сондай-ақ аралас инфекциялардың 41 проценті тіркелген. Жалпы эпидемия маусымы басталғалы бері 19 мыңнан астам оқушы ауырған. 14 жасқа дейінгі балалардың 20 пайызы тұмауратыпты.

Оқи отырыңыз: Қостанайда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

 

 

 

Новости партнеров