ДСМ оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлады
Астанада қайтыс болған жас фельдшердің құрметіне ескерткіш орнатылып, ол оқыған оқу орнында арнайы сынып ашылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 21 жастағы Ұлдана Мырзуанның қазасына себеп болған оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, 18-қарашада Астанада ғимараттың қасбеті құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алып, көз жұмған еді.
«Біз ол оқыған колледжде оның есімін мәңгі есте сақтау үшін аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл қайғы медициналық қызметкерлер үшін өте ауыр болды және оларды бірлікке шақырды. Сонымен қатар біз оған ескерткіш орнатуды да көздеп отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты