Астанада мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды. Ол Есіл өзеніне секіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган мәліметінше, кеше кешкі уақытта полицияға елорда тұрғынынан қызының 18:30-дар шамасында үйден кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен. Жасөспірімді іздеуге жедел құрам, еріктілер мен өзге де күштер жұмылдырылыпты. Олар қыздың мәйітін өзеннен тапқан. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деді Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

 

 

Новости партнеров