Астанада шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірі заңсыз рәсімделіп келген

Бұл – қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірі заңсыз рәсімделіп келген. Тергеу мәліметінше, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өзге елдің азаматтарына Қазақстанға келмей-ақ жеке сәйкестендіру нөмірін беріп отырған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл – қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді. Өйткені құжат шетелдіктерге олардың жеке қатысуымен және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана берілуі тиіс.

Айта кетейік, заңсыз іс-әрекет әлеуметтік желідегі арна арқылы ұйымдастырылған. Ал көрсетілген қызмет үшін төленген қаражат делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде қабылданып, кейін қатысушылар арасында бөлініп отырған көрінеді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған. Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: ҰҚК: Екі айда лаңкестік әрекеті үшін 13 адам бас бостандығынан айырылды     

 

 

 

Новости партнеров