Астанадағы Кенесары хан ескерткішінің іргетасы құлайын деп тұр

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаланың Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарлануда.

"Жаңарту жұмысы бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу, бұрғылау үйіндісін орнату, сондай-ақ құрылымды кейіннен монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеуді қамтиды" – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы ЖЭО-1 автоматтандырылған мониторинг жүйесіне қосылды

Новости партнеров