Атырауда түрмеге дрон арқылы смартфон кіргізбек болғандар әшкереленді

Оқиға ерлер колониясында тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда түрмеге смартфон кіргізбекші болған азаматтың әрекеті әшкере болды. Оқиға ерлер колониясында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv

Нақтырақ айтсақ, тұрғын тыйым салынған затты дрон арқылы өткізбек болған. Алайда қызметкерлер колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықтағы құрылғыны анықтап, жолын кескен. Қазір оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр

«8 қыркүйекте №15 мекеме қызметкерлері колониядан 1,5 шақырым жерден дрон арқылы жеткізілмек болған үш орамды анықтады. Тексеру кезінде олардан үш ұялы телефон тәркіленді. Оқиға бойынша тиісті шешім қабылданады», – деді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға жедел өкілі Арман Сәрсекенов.

Оқи отырыңыз: ДСМ босандыру ұйымдарын тексеру жұмысын аяқтады