Оқу тәжірибесінде шынайы автокөліктер, арнайы манекендер қолданылды
Бала қауіпсіздігі - басты назарда. Алматының Наурызбай ауданындағы мектептерінің бірінде жолда жүру ережелеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуге 1 мен 7-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, оларға қауіпсіздік талаптары ерекше форматта түсіндірілді. Алғаш рет оқу тәжірибесінде шынайы автокөліктер, арнайы манекендер қолданылды. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған жиынға қалалық прокуратура, әкімдік және полиция департаменті ұйытқы болды. Ұйымдастырушылар мұндай әдістің тиімді екенін атап өтті.
«Тәртіп сақшыларымыз жол ережесі бойынша қалай өз-өзін ұстау керек екенін, қалай жүру керек екенін түсіндіріп өтті. Бүгінгі шараға қатысқан 500 бала үлкен әсерде қалды. Бұл шараны жалғастырамыз. Тек жол ережесі емес, басқа да сұрақтар қамтылады», – деді Наурызбай ауданының прокуроры Марат Тойжан.
Оқи отырыңыз: Астан қоңыз шықты: СҚО-да мамандар тамақтан алынған сынаманы зерттеуге дәрменсіз бе