Балалардың 60 пайызы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады - сарапшылар

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Сарапшылардың сөзінше, бірқатар елдерде балалардың онлайн-контент жасауын реттейтін заң жобасы қабылданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың басым бөлігі - балалар. UNICEF халықаралық балалар қорының келтірген мәліметіне сүйенсек, бүгінде жеткіншектердің шамамен 60 пайызында жеке аккаунт бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде балалардың шамамен 60 пайызы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Яғни, олар парақшаларына видео түсіріп, өз ойын бөліседі, қоғамдағы оқиғалардан қалыс қалмауға тырысады. Алайда сарапшылардың сөзінше, ата-аналардың дені өз балаларының қандай контент көріп, кіммен сөйлесетінін бақыламайды. Сондықтан жеткіншектер көп жағдайда жеке деректің сақталуы, алаяқтардан абай болу деген сияқты қауіпсіздік шараларын ұстанбайды.

«Балалар -  әрі контент жасаушы әрі оны тұтынушы. Алайда балаларға арналған контент толық реттелмеді. Біздің балалардың не көріп, қандай ақпаратты қабылдап жатқанын ойлауымыз керек. Өйткені оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан балаларды цифрлық және медиа сауаттылыққа үйрету өте маңызды», - деді«Qazaq expert club» медиа білім беру саласының сарапшысы Жанар Жақанова

Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, өзге елдерде жоғары оқу орнында оқитын студенттердің әлеуметтік желідегі парақшалары тексеріледі.

«Балалар интернетте өздері туралы неғұрлым көп ақпарат жариялаған сайын, қауіп те артады. Мысалы бопсалау, алаяқтық немесе буллинг жағдайлары кездесуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік желілердің жас ерекшелігіне қарай қолданылуы маңызды. Шетелдегі тәжірибені біз де қолданып, жеткіншектердің парақшасын, кіммен араласатынын бақылағанымыз жөн», - деді  IT және коммуникациялар жөніндегі тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин.

Сарапшылардың сөзінше, бірқатар елдерде балалардың онлайн-контент жасауын реттейтін заң жобасы қабылданған. Ал Францияда балалар-инфлюенсерлердің құқықтарын қорғайтын арнайы құжат бар. Мамандар бізге де бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажет екенін алға тартты.

Диана Тұрлыбек, Аида Иманали, Рашидин Якупов

Оқи отырыңыз: Мектептегі былық: бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған директорлар анықталды

 

 

Новости партнеров