Баскетбол және шоу: Алматыда Media Basket Almaty сайысы мәресіне жетті

Турнир алаңына спортшылармен қатар, танымал медиа тұлғалары мен мың жарымнан астам жанкүйерлер жиналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда спорт пен медианы тоғыстырған Media Basket Almaty турнирі өтті. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған додаға блогерлер, өнер адамдары, кәсіпкерлер мен спортшылардан құралған командалар қатысты. Баскетболдың 3×3 форматындағы ойындарда қатысушылар алаңдағы шеберлігі мен командалық дайындығын көрсетті. Көрермендер үшін де тартысты бәсекеден бөлек, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жоба Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бізде спорттық іс-шаралар көп болғанымен, мұндай ауқымды оқиға аз болады. Мұны ұйымдастырғанда балалар да, ересектер де көре алатын спорт түрін таңдадық. Ел алдында жүрген азаматтарды көріп, солар үшін жанкүйер болып, қызу тартысты бақылағандарын қаладық», – деді ұйымдастырушы Павел Берсенев.

Турнир алаңына спортшылармен қатар, танымал медиа тұлғалары мен мың жарымнан астам жанкүйерлер жиналды. Спорттық іс-шараға музыка, шоу, интерактивті аймақтар мен арнайы қонақтар ерекше атмосфера сыйлады. Мұндай формат баскетболды тек спортшылар арасында емес, кең аудиторияда танымал етуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мақсат – Media Basket Almaty арқылы жастарды спортқа қызықтырып, қазақстандық баскетболдың дамуына жаңа серпін беру.

«Дайындықты 2 ай бұрын бастадық. Күндеаңертең және кешке жатықтық, 8 жылдан бері айналысамын. Соңғы 4 жылда кәсіби ареналарда шығып ойнап жүрмін», – деді баскетболшы Мұзафар Баламбер.

«Сүйікті спорт түрім – баскетбол. Балам да баскетбол ойнайды. Мен осы спорт түріне көңіл бөлгеніне өте қуаныштымын. Мұнда ауқымды іс-шаралардан кейін азаматтардың қызығушылығы артады. Қазірдің өзінде менен көп адам жарыс туралы сұрап жатады. Мен өте қуаныштымын», – деді команда басшысы Бейбіт Әлібеков.

 Оқи отырыңыз: Алматыда WTT Contender халықаралық турнирі аяқталды: жеңімпаздар анықталды