Белгілі ақын Надежда Лушникова өмірден өтті

depositphotos
depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі ақын Надежда Лушникова өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаралы хабарды жазушы Исмаилжан Иминов таратты.

Бүгін қазақ әдебиетін сүйер қауым арасында көзі тірісінде-ақ есімі аңызға айналған бірегей тұлға, көрнекті ақын-импровизатор Надежда Лушникованың 86 жасында дүниеден өтті, – деп жазды ол.


Надежда Лушникова айтыс ақыны болумен қатар, баспа редакторы, мектепте мұғалім болып та қызмет атқарды. Өлең-жырлары «Елім менің» және «Көңіл хошы» деген атпен жеке жинақ болып жарық көрген.