Белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден озды

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан ойып тұрып орын алған. Оның шығармалары ел тарихы мен рухани құндылықтарды әрі адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекше және көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Белгілі режиссердің жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

«Алматы» телеарнасы Ардақ Әмірқұловтың артында қалған жақындарына көңіл айтады

Оқи отырыңыз: СҚО-да өмір бойы жеке куәлік алмаған 8 адам анықталды