Бір тәулікте 55 дерек тіркелді: ормандағы өрт ошақтары бақылауға алынды

qazaqormany
qazaqormany

Нақтыланған жедел мәліметтерге сәйкес, 45 орман өрті толық сөндірілді, 8 өрт оқшауланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 20 шілдеде республиканың мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өрттердің ең көбі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркеліп, онда 41 өрт ошағы анықталды. «Ертіс орманы» МОТР аумағында 9 орман өрті, Шығыс Қазақстан облысында – 3, «Наурызым» мемлекеттік табиғи қорығында және «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір-бірден орман өрті тіркелді. Өрттердің негізгі себебі – найзағай разрядтары.

Бір мезгілде көптеген өрт ошақтарының пайда болғанына қарамастан, орман күзеті қызметкерлері оларды сөндіру жұмыстарына дереу кірісті. Нақтыланған жедел мәліметтерге сәйкес, 45 орман өрті толық сөндірілді, 8 өрт оқшауланды. Қалған 2 өрт ошағының таралуы тоқтатылып, жағдай толық бақылауға алынды.

Орман күзеті, авиация және жұмылдырылған қызметтердің өртті ерте анықтап, жедел әрекет етуінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Өрттердің басым бөлігі ең аз аумақта сөндірілді.

Оқи отырыңыз: Алматының таулы аймақтарында өрттің алдын алу шарасы күшейтілді