Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгелі 28 жылдан асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға неліктен мүмкіндік берілгені жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Алдымен ол БЖЗҚ тарихы мен мақсатына тоқталды.
— Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгелі 28 жылдан асты. Содан бері азаматтар табысының 10%-ын міндетті түрде зейнетақы қорына жинақтап келеді. Оны, атауы айтып тұрғандай, зейнеткерлік жасқа толған кезде өмірді қамтамасыз ететін қаражат деп түсінуіміз керек, — деді БЖЗҚ басшысы.
Оның сөзінше, әлемге жайылған індеттің салдары зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беруге әсер еткен.
— 2021 жылы ковид пандемиясынан кейін дағдарысқа қарсы шара ретінде кейбір елде зейнетақы жинақтары қолданылды. Осы тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда да зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту не денсаулығын түзеу мақсатында қолдануға мүмкіндік берілді. Өйткені, пандемия кезінде жұмыссыз қалған, несиелерін төлей алмаған немесе денсаулығын нашарлатып алған азаматтар болды, — Мұрат Шәріпов.
Оқи отырыңыз: Алматы тауында жоғалған жасөспірім аман-есен табылды