Қолжетімді баспана: Ақтөбе облысындағы отбасылар пәтер кілтін алды

Photo by Jakub Żerdzicki on Unsplash
Photo by Jakub Żerdzicki on Unsplash

Жаңа баспана иелері Асхат Шахаровпен кездесу барысында берілген тұрғын үйлер жайлы әрі жылы екендерін айтып, алғыстарын білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алға ауданына жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров жылдың басында жаңа баспанаға қол жеткізген алғалықтармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алға қаласындағы 19 үш бөлмелі пәтердің кілтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезегінде тұрған отбасылар алды. Жаңа қоныс иелері тұратын №22 үй Алға қаласындағы Есет батыр көшесінде орналасқан. Ол республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қайта жаңартылды. Жұмысты «Н.Мұратбаев» ЖК жүргізді.

«Ел Президентінің тапсырмасы бойынша мұқтаж азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асырудың арқасында біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Алға ауданында әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері басым міндеттер қатарында қалып отыр. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік санаттарына ерекше көңіл бөлінеді», - деді әкім.

Жаңа баспана иелері Асхат Шахаровпен кездесу барысында берілген тұрғын үйлер жайлы әрі жылы екендерін айтып, алғыстарын білдірді.

«Мен сегіз бала тәрбиелеп отырмын. Мемлекеттік қызметшімін. Осы уақытқа дейін отбасыммен бірге берілген қызметтік тұрғын үйде тұрып келдік. Енді міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, үш бөлмелі жарық және кең пәтеріміз бар. Біз қазір жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндігіміз бар екеніне өте қуаныштымыз», - дейді «Алтын алқа» алқа иегері Гүлшат Нұрымбетова.

Облыс әкімі Алға тұрғындарына ел Президенті қойған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық тапсырмалары мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тағы да еске салды.

Оқи отырыңыз: Жарқайың ауданында 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Новости партнеров