Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Күрделі отаны жасауға шетелдік мамандар шақыртылған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада алғаш рет жүктіліктің алтыншы айында әйелге бірегей хирургиялық фето-фетальды трансфузиялық синдромын түзету жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фетальды хирургиясы Астана қаласының №2 көпсалалы ауруханасының базасында клиника мамандарының күшімен, шетелдік мамандарсыз, жүргізілді.

"Фетальды хирургиясын енгізу акушерлік және перинаталдық медицинада жаңа көкжиектер ашады. Осы уақытқа дейін осындай көмекке мұқтаж жүкті әйелдер басқа елдердің мамандандырылған орталықтарына емделуге мәжбүр болды, бұл ретте көп шығындц, логистикалық қиындықтар мен тәуекелді қажет етті. Енді мұндай көмек елордада қолжетімді және жоғары кәсіби деңгейде көрсетіледі", - деді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

41 жастағы жүкті әйел № 2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік бөліміне жүктіліктің асқынуымен және ұрыққа төнген жоғары қауіппен жатқызылды. Операцияға дайындық кезінде дәрігерлер диагностикалық алгоритмдерді белгілеп, көрсеткіштерді дәл бағалау үшін жағдай жасады, бұл операция кезінде ана мен балаға қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді. Дайындық пен енгізудің барлық кезеңі шетелдік сарапшыларды шақырусыз, аурухана базасында өткізілді.

"Барлық медицина қызметкеріне, дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Бәрі жақсы, тыныш өтті. Дәрігерлер өте мұқият болды", - деді жүкті Айнұр Кенжеева.

Жоба аурухана ұжымының, профессорлардың және т. б. арқасында сәтті аяқталды.

"Біздің клиникада жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жаңа түрі – фетальды хирургиясы енгізілуде. Елорда әкімдігінің қолдауы арқасында біз сәтті операция жасадық. Бүгінгі іс-шара медицинадағы ең күрделі сын-қатерлерді бірге жеңе алатынымызды көрсетеді", - деді аурухана директоры Нұрбол Тұрсынбаев.

Фетальды хирургиясы - бұл ұрықтың даму кезеңінде де ауыр ақауларды диагностикалауға және емдеуге бағытталған медицинаның ерекше бөлімі. Осындай оталардың арқасында сіз баланың денсаулығы мен өмірін сақтай аласыз, босанудың асқыну қаупін азайтып, баланың ұзақ мерзімді болжамдарын едәуір жақсарта аласыз.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Новости партнеров