Экранның ішіндегі көлеңке: Петропавлда жасөспірім қыздар сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Студенттердің бірі 5 жылға, екіншісі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавл қаласындағы Қызмет көрсету колледжінің 2-курс студенті екі бойжеткен психотроптық заттарды сатқандығы үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттердің бірі 5 жылға, екіншісі 6 жыл 8 айға сотталды.

«Тергеу барысында, «Одногруппник Макс» атауымен Telegram желісінде жұмыс істеген бейкүнә аккаунттың артында көлеңкелі есірткі бизнесі тұрғаны анықталды. Кәмелет жасына толмаған студент қыздар қысқаша «нұсқаулықтан» кейін нашақор тасымалдаушысының (курьердің) рөлін атқара бастаған: психотроптық зат — меткатинонды (мефедронның аналогы) алып, оны буып-түйіп, қаланың әр түкпірінде «жасырын орындарға» тастаған”, - делінген хабарламада.

Қаржылық есеп айырысу криптовалюта арқылы: «Exodus» қосымшасындағы биткойн-әмиянмен, сондай-ақ P2P-сервистер арқылы анонимді аударымдар және теңгеге айырбастау жолымен жүргізілген.

«Ұсталған кезде олардан 40 орам психотроптық зат – жалпы салмағы 40 грамнан асатын, яғни аса ірі көлем саналатын есірткі тәркіленді», - делінегн ведомство хабарламасында.

Прокуратура ескертеді: цифрлық платформаларды пайдаланып, есірткі мен психотроптық заттарды сату — бұл «қосымша табыс» көзі емес, ауыр қылмыс. Мұндай әрекет үшін заң жүзінде қатаң жаза қарастырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Камера арқылы тіркеледі: полиция Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Новости партнеров