Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылды

Жауаптылардың сөзінше, түйме халықтың шағымына жедел жауап беру үшін қолданылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің барлық кеден бекеттері мен рәсімдеу орталықтарында «қызыл түйме» орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – QR код арқылы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына тікелей шағым жолдауға мүмкіндік беретін жаңа жүйе.

Егер қандай да бір кедергіге тап болсаңыз немесе қызметкерлер дұрыс қызмет көрсетпесе, осы белгіні сканерлеу арқылы мәселені жеткізуге болады. Жауаптылардың сөзінше, түйме халықтың шағымына жедел жауап беру және әдепсіз қызметкерлердің жолын кесу үшін енгізілген.

«Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтармен және іскерлік қоғамдастықпен ашық әрі адал диалог орнатуға ұмтылады. Әрбір өтініш қысқа мерзім ішінде қаралып, әр жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Гүлжан Қалменова.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайларды болжау және модельдеу үшін цифрлық сервис іске қосылды

 

 

Новости партнеров