Гонконг тұмауы: СҚО-да науқастар саны артып келеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысында бірер күнде 10 адам тұмауратып, дәрігер көмегіне жүгінді

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті брифинг өткізіп, өңірдегі эпиджағдайға тоқталды. Ведомство басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, облыста тұмауды жұқтырудың алғашқы дерегі 7 қарашада тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

"A H3N2 түрі, яғни «гонконг тұмауы» екені расталды. Соның ішінде сырқаттанғандардың жетеуі — бала. Бұдан бөлек, облыста тұмауға жатпайтын вирустар да анықталып жатыр. Алты адам риновируспен, екі адам аденовируспен ауырды", — дейді Арман Күшбасов.

Жалпы, эпидмаусым басталғалы СҚО-да 14 мыңға жуық адам жіті респираторлық вирустық инфекциялар жұқтырған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,5% аз. Сырқаттанғандардың 9,4 мыңы немесе 67% — 14 жасқа дейінгі балалар.

"Өткен аптада 2,1 мың адам ауырды. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 22% аз. Алдыңғы аптада 2,8 мыңға жуық тұрғын ЖРВИ жұқтырды. 23 қыркүйектен бастап облыста тұмауға қарсы вакцинация үріп жатыр. Өңірге «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынған. Бүгінгі таңда 58,5 мың адам егілді", — дейді Күшбасов.

Дерекөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: СҚО-дағы емдеу кабинетінде бір адам көз жұмды

 

Новости партнеров